Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Жаратқан Ие өздеріңді де, билік жүргізуге өздерің таңдап алған патшаны да не сендер, не ата-бабаларың бұрын білмеген халықтың арасына айдатып жібереді. Сол жерде жалған тәңірлердің ағаштан, тастан жасалған мүсіндеріне құлшылық ететін боласыңдар. Сонымен қатар, Жаратқан Ие сендерді барлық халықтардың арасына шашыратып, жер бетінің бір шетінен келесі шетіне дейін бытыратып жібереді. Сол жерлерде сендер өздерің де, ата-бабаларың да еш білмеген бөгде тәңірлерге: ағаштан, тастан жасалған тәңірсымақтарға құлшылық ететін боласыңдар. Біз ата-бабамыздай күнә жасадық,Заңсыздық істеп, зұлымдыққа баттық. Біз (исраилдіктер) күнә жасап, іс-әрекетіміз әділетсіз болып келді. Біз зұлымдық жасап, Саған қарсы бас көтердік, бұйырған өсиеттерің мен заңдарыңнан бас тарттық. Патшаларымызға, әміршілеріміз бен ақсақалдарымызға, жалпы, еліміздің бүкіл халқына Сенің хабарларыңды жеткізген қызметшілерің — пайғамбарларды да тыңдамай кеттік. Уа, Жасаған Ие, Сен әділсің, ал бүгінгі күні біз қара бет болдық. Бәріміз де — Яһуда мен Иерусалимнің адамдары әрі алыстағы да, жақындағы да бүкіл Исраил халқы Саған опасыз болғандықтан, әр түрлі елдерге тарап кетіп, ұятқа қалып отырмыз. О, Тәңір Ием, Өзіңе қарсы күнә жасағанымызға бола барлығымыз да, патшаларымыз, әміршілеріміз бен ақсақалдарымызды қоса, түгелдей қара бет болдық.
Выбор основного перевода