Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Хориб тауының маңында Жаратқан Иенің қаһарын туғызғандарың сонша, Ол сендерді түгелдей құртып жібермекші болды. Ал енді, Мені қалдыр, оларды құртып, есімдерін аспанның астынан өшіріп тастаймын. Содан кейін Мен саны мен күші олардан басым бір халықты өзіңнен жаратамын», — деді. Өйткені олардың өздері және ұлдары бөтен ұлттардың бірсыпыра қызына үйленіп алған. Осылайша Құдайға бағышталған халық жалған тәңірлерге табынатын көршілес ұлттармен араласып кеткен. Мұндай опасыздықты алдымен істейтіндер — басшылар мен қызметкерлердің өздері!» Бірақ осы күндері, қысқа ғана уақыттан бері, Құдай Иеміз зор шапағатын көрсетіп келеді. Ол халқымыздан бірқатарымызды тірі алып қалып, Өзінің киелі үйінен бізге берік орын берді. Сөйтіп Құдайымыз құлдықта жүрген біздің еңсемізді аздап көтеріп, көзімізді жарқыратып келеді. Сол кездері мен кейбір яһуди ер адамдарының філістір еліндегі Азоттан және Аммон мен Моаб халықтарынан әйел алғандарына көзім түсті. Ал енді, сендер жат жұрттық әйелдерді алып, Құдайымызға опасыздық жасап жатырсыңдар дегенді естідік! Осы асқан зұлымдықтарыңа қалайша төзер едік?!» Осындайлар Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхті танып білгендері арқылы осы дүниелік арамдықтардан арылып, құтылған болатын. Алайда кейін қайтадан олардың шырмауына түсіп, жеңіледі. Сонда олардың соңғы жағдайы бұрынғысынан да мүшкіл болмақ.
Выбор основного перевода