Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
былай деп мінажат еттім:— Уа, Құдайым! Күнәларымыз басымыздан асып, теріс қылықтарымыз аспанға дейін жетті. Бет-жүзімді Өзіңе көтеруге қатты ұялып, масқара болып қысылып тұрмын. Алайда біздің басымызға түскендердің бәрінде де Сен әділ болдың. Себебі Сен адалдық танытқан едің, ал біз күнә жасай бердік (те, соған лайықты жазамызды тарттық). Уа, Жаратқан Ие, Сен әділсің,Әрі әділетті күллі шешімдерің! Ием, Сен күнәларды есіңнен шығармасаң,Кім алдыңда тірі қалар, уа, Жаратқан? — Уа, Жаратқан Ие, мен дауымды алдыңа салғанда, Сен әрқашан әділсің. Ал енді осы мәселелер жайлы Өзіңмен сөйлеспекпін: неліктен зұлымдардың өмірі табысты? Неліктен опасыздар алаңсыз жүріп өркендейді? Осылайша Жаратқан Ие Өзі алдын ала білдірген осы қасіреттерді бізге жіберді, себебі Оның айтқандарына құлақ асқан жоқпыз. Ал Құдайымыз Жаратқан Ие Өзінің бүкіл іс-әрекетінде әділ. Уа, Жасаған Ие, Өзіңнің адалдығың мен мейіріміңе бола таңдаған қалаң Иерусалимге және Өзіңе бағыштаған Сион тауыңа деген қаһарлы ашуыңнан қайта гөр! Біздің күнәларымыз әрі ата-бабаларымыздың әділетсіз істері Иерусалимді және Өзіңнің халқыңды айналамыздағы барлық халықтардың мазағына айналдырды.
Выбор основного перевода