Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Ғибадатхана қызметшілері:Сиха, Хасуфа, Таббаот, Артақсерікс патшаның кезінде Бабыл елінен менімен бірге Иерусалимге еріп келген әулет басшыларының есімдері мен олардың шыққан ата-тектері мыналар: Діни қызметкер Пінехестің ұрпақтарынан: Гершом.Діни қызметкер Ітамардың ұрпақтарынан: Даниял.Дәуіт патшаның тұқымынан шыққан Шеханияхтың ұрпақтарынан: Хатуш.Пароштың ұрпақтарынан: Зәкәрия және онымен бірге тізімге тіркелген жүз елу ер адам. Пахат-Моабтың ұрпақтарынан: Зерахиях ұлы Елиехонай және онымен бірге екі жүз ер адам. (Заттудың ұрпақтарынан:) Яхазиел ұлы Шеханиях және онымен бірге үш жүз ер адам. Адиннің ұрпақтарынан: Жонатан ұлы Ебед және онымен бірге елу ер адам. Еламның ұрпақтарынан: Аталиях ұлы Ишая және онымен бірге жетпіс ер адам. Шафатияхтың ұрпақтарынан: Михайл ұлы Забадиях және онымен бірге сексен ер адам. Жоғабтың ұрпақтарынан: Ехиел ұлы Абадиях және онымен бірге екі жүз он сегіз ер адам. Банидың ұрпақтарынан: Жосифиях ұлы Шеломит және онымен бірге жүз алпыс ер адам. Бебайдың ұрпақтарынан: Бебай ұлы Зәкәрия және онымен бірге жиырма сегіз ер адам. Азғадтың ұрпақтарынан: Хақатан ұлы Жоханан және онымен бірге жүз он ер адам. Адониқамның ұрпақтарының арасынан ең соңғы қайта оралғандардың есімдері: Әлипәлет, Еуел, Шемаях және олармен бірге алпыс ер адам. Бигуайдың ұрпақтарынан: Утай мен Зақур және олармен бірге жетпіс ер адам. Сапарға шығарда мен, Езра, осы айтылып өткен исраилдіктерді Аһауаға қарай ағатын өзен тармағының қасына жинадым. Сол жерде біз үш күн қондық. Мен діни қызметкерлерді және басқа адамдарды түгендеп шығып, олардың арасынан бірде-бір леуілік көмекшіні таппадым. Сонда мен Елиезер, Ариел, Шемаях, Елнатан, Жарип, Елнатан, Натан, Зәкәрия, Мешулам есімді әулет басшыларын әрі Жояриб пен Елнатан есімді екі ғұламаны қасыма шақырып алдым. Оларды Қасипиях деген жердің басшысы Иддоға жолдадым. Оған және оның Қасипияхтағы леуілік руластарына әрі бұрын Иерусалимдегі ғибадатхананың қызметшілері болғандарға бізге Құдайымыздың киелі үйінде қызмет ететін адамдарды жіберсін деп айтуды тапсырдым. Құдай бізді шапағатты мейірімімен жарылқағандықтан, олар қайтқанда бір өте қабілетті ғалымды өзінің ұлдары және ағайындарымен бірге, барлығы он сегіз адамды, ертіп алып келді. Ғалымның есімі Шеребиях еді. Ол Исраил ұлы Леуіден тараған Мәхлидің ұрпағы болатын. Сондай-ақ, Хашабиях және онымен бірге Мераридің ұрпағы Ишая өзінің бауырлары және олардың ұлдарымен, барлығы жиырма адам да келді. Олар ғибадатхана қызметшілерінің екі жүз жиырма ұрпағын да ертіп алып келді. Бұлардың ата-бабаларын кезінде Дәуіт патша және әміршілер леуіліктерді діни қызметтерінде қолдауға тағайындаған болатын. Жаңадан қосылғандардың бәрі де аты-жөндері бойынша тіркеліп, тізімге енгізілді.
Выбор основного перевода