Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Сонда әулет басшылары, Исраилдің рубасылары, мыңбасылары, жүзбасылары және патшаның жұмыстарын басқарушылары ерікті тартуларын ұсынды. Халық өз басшыларының жомарттықпен сый-тартуларын бергендеріне қуанды. Олар бұларын ерікті түрде шын жүректен Жаратқан Иеге ұсынған болатын. Дәуіт патша да зор шаттыққа бөленді. Осы халықтан тірі қалғандарға олар қазір тұрып жатқан әрбір жердің адамдары алтын-күміс пен мал-мүлік беріп көмектессін! Сонымен қатар көршілері оларды Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйіне арнайтын ерікті тартулармен де қамтамасыз етсін!» Күллі көршілері бұларға алтын-күміс бұйымдар, мал-мүлік және басқа да қымбат сыйлықтар берді. Сонымен қатар оларға киелі үйге арналған ерікті сый-тартуларын да табыстады. Оларға патшаның, оның кеңесшілері мен әміршілерінің және Бабыл аймағында тұрған барлық исраилдіктердің біздің Құдайымыздың киелі үйіне бағыштап табыстаған тартуларын: алтын-күмісті және бұйымдарды таразыға тартып өлшеп бердім.
Выбор основного перевода