Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Сонымен қатар бүкіл халықтың арасынан қабілетті бірсыпыра адамды таңдап ал. Олар Құдайды терең қастерлеп, Оған ұнамсызды істеуден шошынатын адал, әрі арам табыстан бойын аулақ ұстайтын болулары қажет. Солар мың, жүз, елу және он адамға басшылық жасап, әрдайым халыққа төрелік етсін. Осы төрешілер бүкіл күрделі мәселелерді саған жолдап, ал жеңіл-желпілерін өздері шешіп отырсын. Сонда олар міндетіңнің жүгін бірге көтерісіп, саған жеңілірек болады. Құдайларың Жаратқан Ие сендерге табыстап отырған елді мекендеріңнің бәрінде барлық руларыңа арнап төрешілер мен басқарушылар тағайындаңдар. Олар халыққа әділ билік айтуға міндетті болады. Езра өзін Жаратқан Иенің Таурат заңын оқып-зерттеуге, орындауға және оның ережелері мен шешімдерін Исраил елінде үйретуге шын жүректен бағыштаған болатын. Енді орныңыздан тұрыңыз, бұл міндет сіздің мойныңызда. Біз сізді қолдайтын боламыз. Осы істі батыл жүзеге асырыңыз!» Сонда Езра орнынан тұрды да, алдымен аға діни қызметкерлерге, леуіліктерге және барлық басқа исраилдіктерге осы айтылғандарды істеуге ант бергізді. Олар ант берді.
Выбор основного перевода