Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Ол Бабыл елінен бірінші айдың бірінші күні жолға шыққан болатын. Өзі сиынатын Құдай құдіретті қолын созып, шапағатты мейірімімен жарылқағандықтан, Езра оралмандар көшін бастап бесінші айдың бірінші күні аман-есен Иерусалимге жетті. Артақсерікс патшаның Жаратқан Иенің Исраилге берген өсиеттері мен ережелеріне байланысты мәселелерді жетік білетін діни қызметкер және дін мұғалімі Езраға табыстаған рұқсат құжатының көшірмесі мынау: «Патшалардың патшасы Артақсерікстен көктегі Құдайдың заңының мұғалімі әрі діни қызметкер Езраға сәлем. Жаратқан Ие патшаның, оның кеңесшілерінің және патшаның барлық қуатты әміршілерінің алдында да маған деген Өзінің берік рақымын көрсетті. Құдай Ием мені шапағатты мейірімімен жарылқағандықтан, жігерлендім. Содан өзіме еріп Иерусалимге өрлеп баратын біршама исраилдік басшыларды жаныма жинап алдым. Құдай бізді шапағатты мейірімімен жарылқағандықтан, олар қайтқанда бір өте қабілетті ғалымды өзінің ұлдары және ағайындарымен бірге, барлығы он сегіз адамды, ертіп алып келді. Ғалымның есімі Шеребиях еді. Ол Исраил ұлы Леуіден тараған Мәхлидің ұрпағы болатын. Өйткені мен патшадан бізді жол жүріп бара жатқанда дұшпандардан қорғайтын жасақшылар мен атты әскер сұраудан ұялған едім. Қайта, біз патшаға: «Құдайымыз Өзіне бет бұрып, сиынатындардың бәрін шапағатты мейірімімен жарылқайды. Ал Өзін елемей кеткендердің бәріне қаһарланып, құдіретімен жазалайды», — деп айтқан едік. Содан біз бірінші айдың он екінші күні Аһауадағы өзен тармағының жағасынан сапарға шығып, Иерусалимге бет алдық. Құдайымыз үстімізге құдіретті қолын созып, бізді шапағатты мейірімімен жарылқады да, жол бойы дұшпанның және қарақшының торуылынан аман-есен сақтады. Сондай-ақ, ғибадатхананың қасындағы қорғанның қақпаларын, қаланың қабырғасын және өзіме үй салдыру үшін бөренелер берсін деп патшаның орманын басқарушы Асафқа арналған бір хатты да жаздырып берсеңіз екен.Құдайдың шапағатты мейірімімен патша осы сұрағандарымның бәрін де берді. Күздің басы — жетінші ай басталғанда бүкіл халық бір адамдай Су қақпасының алдындағы алаңға жиналып келді. Олар дін мұғалімі Езрадан Жаратқан Иенің Мұса арқылы Исраилге табыстаған Таурат заңының шиыршық кітабын әкелуін өтінді. Олар Ехосадық немересі Ешуа ұлы Жохақым, аймақ әкімі Нехемия және діни қызметкер әрі дін мұғалімі Езра қызмет етіп жүрген осы кезде міндеттерін атқаруда.
Выбор основного перевода