Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Сонда Құдай Ие жердегі топырақтан адамды қалыптастырып жасап, оның мұрнына тіршілік лебін үрледі. Адам осылай тірі жан болып шыға келді. Ру басқарушылары да жасаққа сөз арнап былай десін: «Жаңадан үй салып, оған әлі қоныстанып үлгермеген біреу бар ма араларыңда? Сондай адам үйіне қайта берсін! Әйтпесе, ол шайқаста қаза тапса, үйін басқа біреу қоныстанып жүрер. Немесе жүзімдік отырғызып, жемісін әлі жинап үлгермеген біреу бар ма араларыңда? Ол да үйіне қайта берсін! Әйтпесе, ол шайқаста қаза тапса, жүзімдігінің жемісін басқа біреу жинап жүрер. Айттырылған қалыңдығы болып, әлі үйленіп үлгермеген жігіт бар ма араларыңда? Ол да үйіне қайта берсін! Әйтпесе, шайқаста қаза тапса, оның қалыңдығына басқа біреу үйленіп жүрер». Басқарушылар әскерге тағы былай десін: «Жүрексініп қорқып тұрған адам бар ма араларыңда? Ол да үйіне қайта берсін! Әйтпесе, оған қарап бауырластары да үрейленіп, қорқып жүрер!» Құдайды ұмытқандардың тағдыры да осындай, арсыз адамдардың үміті ақталмайды. Олардың сенім артқандары әлсіз де үзілгіш, сүйенгендері өрмекшінің торындай сенімсіз. Сондай адам өрмегіне сүйенсе, ол шыдамайды, егер мықтап ұстаса, ол төзбейді. Зұлым жан күн көзінде, жақсы суарылған жерде жайқалып өсіп тұрған өсімдікке ұқсайды. Ол өркендерін бүкіл бақтың ішіне жайып жібереді. Оның тамырлары үйілген тастарды орап алып, тастақ жерді қармап, жақсылап бекінеді. Ал егер өсімдік сол жерінен жұлынып тасталса, сол орында ешқашан болмағандай жоғалады. Біліп қой, оның өркендеуі осылай аяқталады. Сол топырақтан басқа өсімдіктер өсіп шығады. (Дәуіттің жыры.)Арамзаларға ренжіп ашуланба,Жамандық жасайтындарға қызықпа, Олар шөп сияқты жылдам солады,Көк шөптей тез қурап, өліп қалады. Жаратушыға сеніп жақсылық жаса,Еліңде тұрып адалдықты сақта, Жаратқан Иеңнен тап рақатыңды,Ол сыйлайды ізгі жүрек қалауыңды. Өмір жолыңды тапсыр Тәңір Иеге,Оған сүйеніп сеніміңді жүкте,Ол сен үшін әрекет етеді де: Жайнатады әділдігіңді таңғы нұрдай,Ісіңнің ақтығын тал түскі күндей. Өйткені адам баласының да, хайуанның да ұшырайтын тағдыры бірдей: адамның өлетініндей, хайуан да өледі. Екеуінің де кеудесінде тіршілік лебі бар, осы жағынан адамның хайуаннан артықшылығы жоқ. Себебі олардың бәрі де өткінші. Адам баласының жанының көкке көтерілетінін, ал хайуанның жанының төменге, жер қойнына кететінін кім біледі?»
Выбор основного перевода