Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Зұлымдар неге әлі де өмір сүріп, тіпті көп жасайды? Күш-қуаттары неліктен барған сайын өсе береді? Күнәкарлардың өркендеуін көрдім,Менмендерге қызғана қарай бердім. Өмірінде шекпейді олар азапты,Денсаулығы мықты әрі қуатты, Өзгелердей көрмейді ауыртпалықты,Басқалардай жемейді олар соққыны, Содан моншақтай тағып алып мақтанышты,Әрі киімдей жамылған зорлық-зомбылықты. Тым семіздіктен көздерін май басқан,Арамдық пиғылдары да асып-тасқан. Өзгелерді олар қорлап, жамандайды,Паңдана зәбір-жапа жоспарлайды. Көкті ауызымен иеленгенсиді,Жерге де тілімен билік еткенсиді. Сондықтан да халық оларға бет бұрып,Айтқандарын тыңдайды құштарланып: «Құдай қайдан білсін? — деп сол зұлымдарМақтана сұрайды: — Хақ Тағала ма хабардар?» Бейқам болып осы арам пиғылдыларМолынан жинайды байлықтар. Әлде бекерге жүрегімді пәк сақтап,Қолымды күнәдан таза ұстадым ба?! Сонда да күн ұзағына қиналып,Таң атысымен түсемін азабыма! Мен бекершілікке толы өткен өмірімде мына жайттардың екеуін де көргенмін: кейде әділ адам жазықсыз бола тұра, ерте құрып кетеді, ал зұлымның әділетсіз өмірі ұзара түседі. Сондықтан асыра қатаң болма, асыра дана да болғансыма! Өзіңді-өзің құртып нең бар? Қайта, бұдан былай өркөкіректерді жарылқанған деп есептейміз. Расында зұлымдықпен шұғылданушылар табысқа кенеліп, Құдайды еркінсіп сынап келгендер аман-есен жүр ғой!» дейсіңдер. қаралағандарға жылы сөйлеп ескертеміз. Бүгінге дейін дүниенің «қоқысы», адамзаттың «сыпырындысы» болып келдік. Бізді не құрметтеп, не қараласа да, не сөгіп, не мадақтаса да, не өтірікшілер десе де, бәрібір адалмыз.
Выбор основного перевода