Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Қанды еш ішіп-жемеңдер! Сонда өздерің және болашақ ұрпақтарың игілікті өмір сүретін боласыңдар. Себебі осы бұйрықты орындағандарың Жаратқан Иеге ұнамды. Ал кішіпейіл жандар елді иеленер,Бейбіт өмірдің рақатына мол сүйсінер. Мінсіздерге Жаратқан күнде көз салады,Мұралық меншіктері мәңгі сақталады, Аңғырттың қыңырлығы өзін күйретеді,Аңғалдың бейқамдығы өз түбіне жетеді. Ал мені тыңдаған қауіпсіз тұрады,Еш пәледен қорықпай, алаңсыз болады». Мен бекершілікке толы өткен өмірімде мына жайттардың екеуін де көргенмін: кейде әділ адам жазықсыз бола тұра, ерте құрып кетеді, ал зұлымның әділетсіз өмірі ұзара түседі. Ал әділ жандарға мына ізгі хабарды жеткізіңдер: олар еңбектерінің жемісін жеп, игіліктерін көреді. Бірақ зұлымдар қасіретке қалады! Істеген жамандықтары өз бастарына түседі.
Выбор основного перевода