Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Құдай адам толықтай ұға алмайтын ғажап істерді істейді, сан жетпес кереметтерді жасайды: — Сенің барлық нәрсені де істей алатыныңды енді білдім. Ешбір ниетіңді тоқтату мүмкін емес. «Байыбына бармай сөйлеп, Менің данышпан шешімдеріме күмән келтіретін кім бұл өзі?!» — деп едің. Шынында да өзім түсінбейтін, білуіме тым керемет нәрселерді сөз қылыппын. Мұның бәрін ақылға салып көргенімдеКөзім жетті аса қиын екеніне. Істі құпиялау — Құдайдың даңқы,Оны зерттеп ашу — патшаның даңқы. Құдай әр нәрсені өз уақытына сай көрікті етіп жаратты. Ол адамның жан дүниесіне мәңгілікті сезетін түйсікті дарытты. Әйтсе де адамдар Құдайдың әуел бастан аяғына дейін не істегендерін түсіне алмайды. О, неткен бай Құдайдың даналығы,Неткен терең Оның білік-парасаты;Шешімдеріне адам ақылы жетпес,Жолдарын Оның ешкім зерттеп бітпес!
Выбор основного перевода