Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Адам гүл секілді өсіп шығып, солып қалады, өткінші көлеңкедей болған жерінде қала алмайды. Ол ағаш іспетті мерзімінен бұрын шабылып тасталады, бұтақтары енді қайтып көгермейді. Алған деміне ғана ұқсайды адам,Өткен көлеңкедей күндері қысқарған. Жаратқанды шын қастерлеу ғұмырды ұзартар,Ал зұлымдардың ғұмыры қысқартылар. Адам үшін өмірде ненің игі екенін кім біледі? Ол қысқа да мәнсіз күндерімен көлеңкедей сырғып өте шығады ғой. Өзінен кейін осы өткінші дүниеде не болатынын адамға кім білдіреді? Бірақ зұлымдар қасіретке қалады! Істеген жамандықтары өз бастарына түседі.
Выбор основного перевода