Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жасақшылар оның аяқ-қолдарын байлап болып, қамшылайын деп жатқанда, қасында бақылап тұрған жүзбасынан Пауыл:— Соттың үкімінсіз-ақ Римнің азаматын қамшылап соғуыңызға бола ма? — деп сұрады. Жүзбасы осыны естігенде, мыңбасына жүгіріп барып:— Не істейін деп жатырсыз? Мына кісі Римнің азаматы екен! — деп мәлімдеді. Әскербасы Пауылға келіп:— Айтшы, шынымен Римнің азаматысың ба? — деп сұрады. Ол:— Иә, азаматымын, — деп жауап берді. Сонда мыңбасы:— Мен осы азаматтығымды көп ақшаға сатып алдым, — деді.— Ал мен туғаннан Римнің азаматымын, — деді Пауыл. Оны қинап тергемекші болғандар дереу әрірек шегініп тұрды. Пауылдың Рим азаматы екенін білгенде, оны байлатып тастаған мыңбасы да қорқып кетті. Мен кінәлі болып, өлімге қиятындай қылмыс жасаған болсам, онда өлімнен бас тартпас едім. Ал егер мыналардың таққан кінәлары жазықсыз болса, онда ешкім мені бұлардың қолына ұстап бере алмайды. Римдік патша алдында сотталуымды талап етемін, — деп жауап қатты. Сонда Фест ақылшыларымен кеңесіп:— Римдік патша алдында сотталуды талап еттің бе, ендеше патша алдына барасың! — деп шешті.
Выбор основного перевода