Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал елшілер бұл туралы біліп қойып, Лиқаония аймағындағы Лүстра мен Дербе қалаларына және олардың маңайына қашып кетіп, құтылды. Бауырластары Пауылды дереу теңіз жағасына жөнелтіп жіберді, ал Сыйлас пен Тімоте Береяда қалып қойды. Көмекшілерінің арасынан Тімоте мен Ераст екеуін Македонияға жіберіп, өзі тағы біраз уақыт Азия аймағында қала тұрды. Қызметкерім Тімоте және ағайындарым Лұси, Ясон және Сосипатыр сәлем айтуда. Сол үшін Тімотені жіберіп отырмын, ол — Иемізге берілген сүйікті де қымбатты рухани ұлым. Менің Мәсіх Исаның жолымен қалай жүріп жатқанымды Тімоте естеріңе түсіретін болады. Қай жердегі қай қауымда болмасын, дәл сол тәлімді беріп келемін. Иеміз Иса қаласа, жақын арада сендерге Тімотені жіберетін ойым бар. Осылайша сендер жігерленіп, оның сендерден алып келетін хабары маған да жігер берер деп сенемін. Ол сияқты менімен ниеттес, шын көңілден қамдарыңды ойлайтын басқа адамым жоқ. Өзгелердің бәрі Иса Мәсіхтің ісін емес, өз қара бастарының қамын ойлайды. Ал Тімотенің сенімді екенін өздерің білесіңдер: ол маған Ізгі хабарды уағыздауда ұлының әкесіне көмектесетініндей қолғабыс етіп келеді. сүйікті «рухани балам» Тімотеге дұғай сәлем. Құдай Әкеміз бен Иеміз Мәсіх Иса саған рақымы мен қайырымын жаудырып, тыныштығын сыйлай берсін. Шынайы сенімің есімде. Ол алдымен әжең Лойда мен анаң Әуникенің жүректерінен орын алған еді. Оның сенің жүрегіңнен де орын алғанына көзім жетті.
Выбор основного перевода