Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Түрме бастығы ұйқысынан оянып, есіктердің ашық екенін көргенде, семсерін суырып алып, өзін өлтірмекші болды. Себебі ол тұтқындардың бәрі қашып кетті деп ойлады. Түрменің бастығы Пауылға мұны білдіріп:— Қаланың басшылары сендерді босатсын деген хабар жіберді. Сондықтан енді шығып, амандықпен кетіңдер! — деді. Олар Мәсіхтің қызметшілері ме? Ақымақ кісідей сөйлеп тұрмын: мен Мәсіхке солардан бетер қызмет етудемін. Оларға қарағанда әлдеқайда көбірек еңбектеніп, түрмеге қамалып, аяусыз соғылдым, талай рет өліммен бетпе-бет келдім. Мені үш рет таяқпен дүре соқты, бір рет өлтірмек болып таспен атқылады. Үш рет кеме апатына ұшырадым, бір тәулік бойы ашық теңізде қалқып жүріп, әрең аман қалдым. Осылайша сендер бұрын менен көріп, қазір де айналысып жатқанымды естіген рухани күреске өздерің де араласудасыңдар. Алдында ғана Філіпіде азап шегіп, қорлық көргеніміз туралы да хабардарсыңдар. Сонда да Құдайға сене отырып, қатты қарсылыққа қарамастан сендерге Оның Ізгі хабарын жариялауға батылымыз барды.
Выбор основного перевода