Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал менің уағыздарыммен бұлардың келіскендері сондай, қасымдағы Титтің грек болғандығына қарамастан, олар оның сүндеттелуін талап етпеді. Мұны екіжүзділікпен кіріп кеткен жалған «бауырластар» ғана талап етті. Олар Иса Мәсіхтің жолындағы біздің рухани еркіндігіміздің ізіне түсіп, Таурат заңына бағындыру үшін қауымдарға ұрланып еніп алған еді. Алайда біз оларға бір сәтке де көніп, бағынған емеспіз. Өйткені Ізгі хабардың шындығын сендерге тап-таза күйінде қалдыруды көздедік.
Выбор основного перевода