Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдайдың рухани Ұлына сенушілер мәңгілік өмірге ие. Ал Оны тыңдамағандар шынайы өмірді көрмей, Құдайдың төніп тұрған қаһарына ұшырайды. Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: кім Маған сенім артса, сол мәңгілік өмірге ие. Оның рухани Ұлына сенген кісінің жүрегінде Құдайдың куәлігі жүреді. Ал Құдайға сенбеген кісі Оны өтірікші етіп көрсетеді, себебі ол Құдайдың Өзінің рухани Ұлы туралы берген куәлігіне сенбейді. Ал сенім жолымен ақталу туралы Тауратта мына тәрізді сөздер айтылған: Кім көкке көтеріледі? Яғни кім Мәсіхті көктен алып келеді? — деп іштей сұрама. Немесе: Кім тұңғиыққа түседі? Яғни кім Мәсіхті өлімнен қайтарып алып келеді? — деп те айтпа. Қайта, сенім жолымен ақталу жөнінде былай делінген: «Бұл сөз саған өте жақын, ол ауызыңда және жүрегіңде».Сенім туралы біз жариялап жүрген сөз — осы. Өз аузыңмен Исаны Жаратқан Ием деп мойындасаң, жүрегіңде Құдайдың Оны өлімнен қайта тірілткеніне сенсең, онда құтқарыласың. Себебі Мәсіхке жүрегімен сенуі арқылы адам күнәсінен ақталады, Оны аузымен мойындауы арқылы құтқарылады. Осы туралы Ишая пайғамбардың жазбасында «Оған сенімін артқан ешкім ұятқа қалмайтын болады лайым» делінген ғой.
Выбор основного перевода