Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бәрі Киелі Рухқа кенеліп, Оның өздеріне берген дарынына қарай бөтен тілдерде сөйлей бастады. Петір осы сөздерді әлі айтып тұрған кезде, Ізгі хабарды тыңдап тұрғандардың бәріне Киелі Рух қонды. Мен оларға сөйлей бастағанда, тура о баста бізге қонғандай, олардың үстіне де Киелі Рух қонды. Петір көрген аяны туралы әлі ойланып тұрғанда, Киелі Рух оған: «Қарашы, сені үш кісі іздеп келді. Орныңнан тұрып, жерге түс; ойланбай-ақ солармен бірге жолға шық! Себебі оларды Мен жібердім», — деп тапсырды. Бірақ мен өз жанымды ойламай, тиісті өмір жолыммен жүре отырып, Иеміз Исаның маған тапсырған ісін аяқтасам, Құдайдың рақымы туралы Ізгі хабарды уағыздап жеткізсем болғаны.
Выбор основного перевода