Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда қанын шығармай тұрып, олардың етін жеуші болмаңдар, жаны қанында ғой. Өздерің және болашақтағы ұрпақтарың барлық мекендеріңде сақтауға тиісті тұрақты ереже мынау: сендерге құрбандықтың ешқандай майын және қан атаулыны ішіп-жеуге болмайды. Немесе біреу кез келген арам нәрсемен: арам аңның не арам малдың өлігімен не құжынаған арам мақұлықтардың өлігімен жанасса, тіпті осы жайт оған беймәлім болса да, ол бәрібір арамданып, айыпты болады. Егер не Исраилдің үрім-бұтағынан біреу, не араларында тұрып жатқан жат жұрттықтардан біреу қанның кез келген түрін ішіп-жейтін болса, Мен сондай адамға қарсы шығып, оны халықтың арасынан аластатамын. Себебі тірі мақұлықтың жаны оның қанында. Мен сендерге жандарыңды арамданған күйлерінен тазарту үшін құрбандық үстелінде ұсынылған қанды бұйырдым. Өйткені төгілген қан арқылы жанның құны өтеліп, оны арамданған күйінен тазартады. Сондықтан Мен Исраил халқына былай дедім: «Сендердің ешқайсыларыңның да, араларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтардың да қанды ішіп-жеулеріңе болмайды!» Не исраилдік, не араларыңда тұрып жатқан жат жұрттық біреу жеуге болатын аңды не құсты ауласа, соның қанын толық ағызып, топырақпен көміп тастаңдар! Әрбір мақұлықтың жаны оның қанында. Сол себепті Мен исраилдіктерге ешқандай тәннің қанын ішіп-жемеуді бұйырдым. Өйткені барлық мақұлықтардың жаны қанында. Сол себепті оны ішіп-жеген әркім аластатылуға тиіс. Кімде-кім, не исраилдік болсын, не жат жұрттық болсын, арам өлген немесе жыртқыш аңдарға таланып өлген хайуанның етін жесе, ол киімдерін жуып, өзі де сумен жуынсын. Сол адам кешке дейін арамданған, ал содан соң таза болып саналады. Ал егер киімдерін жумай, өзі де жуынбаса, оның айыбы өз мойнында болады. Алайда оның қанын ішіп-жемеңдер, оны су іспетті жерге төгіп тастаңдар! Алайда оның қанын ішіп-жеуден сақ болыңдар! Себебі қан дегеніміз — жан. Етті жанмен қосып жеулеріңе болмайды. Қайта, қанын су іспетті жерге төгіп тастаңдар! жалған тәңірлерге арналған құрбандықтардан, қаннан, арам өлген малдың етінен және неке адалдығын бұзудан аулақ жүріңдер! Осы нұсқауларды ұстансаңдар, игі болмақ. Қош-сау болыңдар!» Алайда сенушілердің барлығы бірдей мұны біле бермейді. Бұрын жалған тәңірлерге құлшылық еткен кейбіреулері күні бүгінге дейін осындай тағамды жегенде оны тәңірлерге арналған деп есептейді. Бұларының дұрыс-бұрыстығына дүдәмал ар-ұждандары осылай арамданады. Құдайға деген қарым-қатынасымызға біздің жеген тамағымыздың қатысы жоқ; оны не жейік, не жемейік, бұдан Құдай алдында жаман да, жақсы да болмаймыз. Дегенмен байқаңдар, бұл еркіндіктерің сенімі әлсіздерді күнәға азғырмасын! Мысалы, ар-ұжданы әлсіз біреу «сондай білікті» сенің жалған тәңірдің ғибадатханасында тамақ ішіп отырғаныңды көрді делік. Бұл оны сол тәңірлерге арналған тағамдарды жеуге батылдандырмай ма? Осылай әлсіз адам, яғни өз бауырласың, сенің «біліктілігіңе» бола тура жолдан адасып, рухани жойылып кетеді. Ал Мәсіх ол үшін де жанын құрбан етті! Міне, осылайша бауырластарыңның әлсіз ар-ұждандарын жарақаттап, оларға қарсы күнә жасауыңмен Мәсіхке қарсы да күнә жасайсың. Сондықтан, егер жейтін тамағым бауырласымды күнәға азғырса, онда мен оны күнәдан сақтау үшін бұдан былай ешқашан да (базардан алынған) етті жемейтін боламын. солардың кейбіреулері іспетті жалған тәңірге құлшылық етпеңдер! Бұл туралы (Тауратта): «халық жайғасып отырып, құрбандықтан ішіп-жеді; біраздан кейін азғын ойындар ойнау үшін орындарынан тұрды» деп жазылған. Ата-бабаларымыздың кейбіреулері секілді азғындыққа түспейік! Сол кінәлары үшін олардың жиырма үш мыңы бір күнде өлді. Алайда саған айтар біраз наразылығым мынау: араларыңда Балағамның ілімін ұстанушылар бар. Сол көріпкел ежелде Исраилге қарсы шыққан Балаққа халықты күнәға азғыруды үйреткен: оларға жалған тәңірлерге шалынған құрбандықтардың етін жегізді әрі азғындық жасатты. Алайда саған айтар наразылығым мынау: өзін пайғамбармын деп атайтын Езабел іспетті әйелге жол бересің. Ол Менің қызметшілерімді азғындық жасап, жалған тәңірлерге арналған құрбандықтардың етін жеуге үйретіп адастыруда.
Выбор основного перевода