Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылайша Киелі Рух жіберген екі елші Селеукия қаласына барып, сол жерден кемеге отырып, Кипр аралына жүріп кетті. Пауыл мен оның сапарластары Пафта кемеге мініп, Памфүлия аймағындағы Перге қаласына барды. Жохан (Марқа) олардан сол жерде айырылысып, Иерусалимге қайтып кетті. Ал екі елші Пергеден әрі кетіп, Пісидия аймағындағы Антақияға жетті. Демалыс күні олар яһуди мәжілісханасына кіріп, жайғасып отырды. Содан елшілер оларға қарсы куәлік ретінде аяқтарының шаң-тозаңын қағып тастап, Қония қаласына жүріп кетті. Қонияда да екі елші әдеттеріне сәйкес яһуди мәжілісханасына барды. Олардың айтқандары өте әсерлі болды, осылай яһудилер мен басқа ұлттық кісілердің көбі Иемізге сенді. Ал елшілер бұл туралы біліп қойып, Лиқаония аймағындағы Лүстра мен Дербе қалаларына және олардың маңайына қашып кетіп, құтылды. Олар Перге қаласында Иеміздің Ізгі хабарын уағыздаған соң, Анталияға қарай ылдилап түсті. Сол жерден кемеге отырып, (Сириядағы) Антақияға қайтып барды. Сондағы қауым оларды атқарып келген жұмыстары үшін Құдайдың рақымына тапсырған болатын. Осыған бола мен одан әрі шыдай алмай Тімотені жіберіп, сенімдерің берік пе, әлде әзәзіл азғырып, бар еңбегіміз зая кетті ме, соны білгім келді.
Выбор основного перевода