Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сегізінші күні оның ұлы сүндеттелсін. Біз оның былай дегенін естідік: «Назареттік Иса осы орынды жойып, Мұса тапсырған дәстүрлерді өзгертеді!» Бірақ парызшылдар тобына жатқан кейбір сенушілер орындарынан тұрып: «Басқа ұлттық сенушілерді де сүндетке отырғызып, Мұса арқылы берілген Таурат заңын орындауға мәжбүрлеу қажет!» — деп талап етті. Арамыздан кейбіреулер сендерге барып, іріткі салып, (сүндетке отырып, Таурат заңын орындау керек деп) көңілдеріңді абыржытты дегенді естідік. Ал біз оларға сондай тапсырма берген жоқпыз. алғашқыда Петір сүндеттелмеген басқа ұлттық сенушілермен дастарқандас болып жүрген еді. Алайда (Иерусалимдегі қауымның жетекшісі) Жақыптан бірқатар яһудилер келгеннен кейін, Петір басқа ұлттық сенушілерден тартыншақтап, алшақтай бастады. Себебі ол сүндеттеуді талап ететін әлгі яһудилер жақтырмай жүрер деп қаймықты. Мен, Пауыл, сендерге мынаны айтамын, сөзіме ден қойыңдар: егер Құдай алдында ақталу үшін сүндетке отырсаңдар, онда сендерге Мәсіхтен ешбір пайда болмайды.
Выбор основного перевода