Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар осылай істеп, жинағандарын Иерусалим қауымының жетекшілеріне Барнаба мен Саул арқылы жөнелтті. Ұзақ талқылаудан кейін Петір елші орнынан тұрып, былай деп сөз сөйледі:— Бауырластар! Құдайдың мені басқа ұлттарға Ізгі хабарды естіртіп, оған сендіру үшін ертеде орталарыңнан таңдап алғаны сендерге мәлім. Он төрт жылдан кейін мен тағы да Иерусалимге аттандым. Бұл жолы Барнабамен бірге барып, Титті де ертіп алдым. Осы сапарға Иеміздің тікелей білдіруімен шықтым. Иерусалимде мен, әсіресе, қауымның беделді кісілерімен жеке сөйлесіп, оларға өзім басқа ұлт адамдарына уағыздап жүрген Ізгі хабардың мазмұнын айтып бердім. Ондағы мақсатым қазіргі әрі бұрынғы еңбектерімнің зая кетпеуі еді.
Выбор основного перевода