Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Сол күні Мен оларға өздерін Мысырдан бастап алып шығып, елдердің ішіндегі ең көріктісі — ағы мен балы ағыл-тегіл елге әкелуге уәде бердім. Сол елді Мен Өзім олар үшін қарап таңдап алған едім. Мен сол иен далада оларды елдердің ішіндегі ең көріктісі — Мен өздеріне табыстамақ болған ағы мен балы ағыл-тегіл елге бастап алып бармаймын деп салтанатты түрде ант еттім. Сол мүйіздерге назар салғанымда, араларынан тағы бір кішкентай мүйіз шықты. Сонда оған орын босату үшін жаңағы мүйіздердің үшеуі түбімен жұлынып қалды. Осы мүйіздің адамдікіндей көздері және бөсіп мақтанған аузы болды. Осы патшалықтардың билігінің соңғы кезеңінде, яғни (Құдайға қарсы) бас көтерушілер зұлымдыққа әбден бой алдырған кезде, айлакерлігі асқан бір арсыз патша шығады. Осылайша басқыншы қалағандарын істеп, оған қарсы тұратын ешбір адам болмайды. Ол «көрікті елге» қосын тігіп, зорлық-зомбылық көрсетеді. Ол «көрікті елге» де басып кіреді. Көп халық жеңіледі, ал Едом мен Моаб және Аммонның әміршілері оның қолынан сытылып кетеді.
Выбор основного перевода