Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Осылай теке қошқарға бас салып, оның екі мүйізін де сындырып тастады. Текеге қарсы тұруға қошқардың қауқары жетпей, теке оны жерге құлатып, таптай бастады. Қошқарды текеден құтқара алатын ешкім де болмады. Бұдан кейін (Грекияда) бір ерекше мықты патша пайда болады. Ол зор күшпен билік құрып, өз қалауымен іс-әрекет жасайды. Осылайша басқыншы қалағандарын істеп, оған қарсы тұратын ешбір адам болмайды. Ол «көрікті елге» қосын тігіп, зорлық-зомбылық көрсетеді. Солтүстіктің әлгі патшасы өз бетімен жүріп, тым паңданады. Сонда ол өзін әрбір тәңірден де жоғарымын деп санап, тіпті «тәңір» атаулының үстіндегі Құдайдың Өзіне қарсы небір балағат сөздер айтады. Құдай қаһарлы үкімін жүзеге асырғанша бұл патша онысымен табысты болады. Себебі сол алдын ала белгіленген оқиғалар орындалуға тиіс.
Выбор основного перевода