Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Алайда патша күшейіп алғаннан кейін кеудесін көтеріп, менменсінуді шығарды. Ол Жаратқан Иенің киелі үйіне өз бетімен кіріп, жалғыз Оған ғана бағышталған хош иісті заттарды түтетіп, Құдай Иесіне қарсы күнә жасады. Бірақ жүрегі тым тәкаппар болып қасарысқан кезде Набуходоносор патша тағынан айырылып, бар салтанатынан жұрдай болды. Онда Даниял былай деп баяндады:— Түнде көрген түсімде аспанның төрт бағытынан қатар соққан желдің ұлан-ғайыр теңіздің астан-кестенін шығарып, сапырып жатқанын көрдім. Сабалақ жүнді теке — Грекия патшалығын, ал текенің екі көзінің арасындағы дәу мүйізі — сол патшалықтың алғашқы патшасын бейнелейді. Ал сынып қалған мүйіздің орнына шыққан төрт мүйіз — оның халқынан пайда болатын төрт патшалықты білдіреді. Бірақ солардың күштері онікімен тең келмейтін болады. Алайда әбден күшейген кезде оның патшалығы түп-тамырымен жұлынып, ыдырап, төртке бөлініп кетеді. Оның билігі басқаларға беріліп, өзінің ұрпақтарына бұйырмайды. Патшалықтың бұрынғы күш-қуаты да қалмайды.
Выбор основного перевода