Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Оның айналасындағы жарқыраған нұр жаңбырлы күні бұлттарда пайда болатын кемпірқосаққа ұқсас еді. Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты маған осылай көрінді. Мұны көре салысымен мен жерге етпетімнен жата кеттім. Сонда өзіме сөйлеп тұрған бір дауысты естідім. Ол: «Ей, пендем, орныңнан тұр! Мен саған тіл қатып, сөйлемекпін», — деді. Мұнан кейін әлгі хабаршының сөйлеген даусын естідім. Естіген кезде мен есімнен танып, жерге етпеттей жата кеттім. Ал (Құдайға сенімді) даналардың арасындағы бірнешеуі шейіт болады. Сол арқылы олар сынақтан өтіп, осы ауыр кезеңнің соңына дейін тазарып, ақталады. Себебі сол кезеңнің Құдай белгілеген соңы келгенше әлі де біраз уақыт бар. Сол заманның ақырында Мысыр патшасы оған қарсы соғысуға аттанады. Бірақ солтүстіктің патшасы өзінің жарақталған соғыс күймелерімен, атты әскерімен және көптеген әскери кемесімен оған қарсы құйындай шүйіледі де, көптеген елдерді жаулап алып, топан судай жайпап өтеді. Ал өзің, Даниял, осы сөздерді жақсылап сақтап, сол заманның соңына дейін кітапты мөрлеп бекітіп қой. Көптеген адам оны мұқият қарап шығып, білімдері молая түсетін болады. — (Маған келген хабаршы айтқандарын осылай тамамдады.) Хабаршының жауабы мынау болды:— Даниял, өз жолыңмен жүре бер. Бұл хабар осы заманның соңына дейін жабылып, сақталып әрі мөрленіп бекітілген. Зәкәрия оны көргенде селк етіп, бойын қорқыныш билеп алды. Күллі дүние атаулының ақыры таяп келеді. Сондықтан сиынып дұға ете алу үшін байсалды да салауатты болыңдар! Мен Оны көргенде өлі адамдай алдына құлап түстім. Сонда Ол оң қолын үстіме қойып, былай деді: «Қорықпа! Мен Алғашқымын да Соңғымын
Выбор основного перевода