Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Ол:— Жоқ, қазір Жаратқан Иенің әскербасы ретінде келіп отырмын, — деп жауап қатты. Сонда Ешуа етпетінен жерге жата кетіп, оны қастерлеп:— Ием, мендей пендеңізге не бұйырасыз? — деп сұрады. Әр күні таңертең мінсіз бір жасар тоқтыны Жаратқан Иеге арнап түгелдей өртелетін құрбандық қылып шалыңдар. Оған қоса әр таңертең сайын пұттың алтыдан бір бөлігі мөлшерінде астық тартуын да жасаңдар. Ұнға қосып араластыру үшін үш қадақ зәйтүн майын да әкеліңдер. Жаратқан Иеге осы астық тартуын ұсынып тұру тұрақты ереже болады. Бірақ оның жіберген жасақшылар бөлімі қамалмен бекінген киелі үйге басып кіріп, оны арамдайды. Олар Құдайға арналған күнделікті құрбандық шалуды тоқтатып, киелі үйде оны қаңыратып бос қалдыратын жексұрын нәрсені орнатады. Солтүстіктің әлгі патшасы өз бетімен жүріп, тым паңданады. Сонда ол өзін әрбір тәңірден де жоғарымын деп санап, тіпті «тәңір» атаулының үстіндегі Құдайдың Өзіне қарсы небір балағат сөздер айтады. Құдай қаһарлы үкімін жүзеге асырғанша бұл патша онысымен табысты болады. Себебі сол алдын ала белгіленген оқиғалар орындалуға тиіс. Патша не өз ата-бабалары сиынған (жалған) тәңірлерге, не әйелдер ұнатқан біреуіне, не басқа да тәңірге құрмет көрсетпей, өзін-өзі бәрінен де жоғары қоятын болады. Күнделікті құрбандық ұсыну доғартылып, киелі үйді арамдап бос қалдыратын жексұрын нәрсе сол жерде орнатылғаннан кейін бір мың екі жүз тоқсан күн өтеді.
Выбор основного перевода