Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Бірінші айдың жиырма төрті күні үлкен дарияның, яғни Тигр өзенінің, жағасында тұр екенмін. Басымды көтеріп қарсы алдыма көз салсам, ақ бәтестен киім киген, белін саф алтын белбеумен буған біреуді көрдім. Оның денесі зүбәржат атты жылтыраған асыл тас сияқты, жүзі найзағайдың жарқылындай, көздері жалындаған алаулар іспетті, қол-аяғы жылтыратылған қоладай жалтырап тұрды. Ал даусы үлкен тобырдың даусындай гүрілдеді. Сол көріністі жалғыз мен, Даниял, ғана көрдім. Қасымда болған адамдар оны көрген жоқ, бірақ олар зәрелері ұшып, қашып, тығылып қалды. Осылай жалғыз қалған мен осы ұлы көріністен көз алмадым. Қатты әлсіреп, өңім құп-қу болып, дәрменсіз қалдым. Содан кейін мен бір аяғымен теңізде, бір аяғымен құрлықта тұрғанын көрген періште оң қолын көкке қарай көтерді.
Выбор основного перевода