Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Мен адал жүріп, бет-жүзіңді көремін,Оянып, көрінісіңе қарап сүйсінемін. Сендердің өлген адамдарың қайтадан өмір сүреді, олардың тәндері өлімнен қайта тірілмек. Уа, жер астында жатқан бәрің де, өлімнен оянып, шаттана әндетіңдер! Сендер таңғы шықпен суартылған өсімдіктей өсіп-өнесіңдер. Жер өлгендерді шығарып, бұ дүниеге қайтармақ. Жаратқан Иенің рухани құдіреті маған қонып, Оның Рухы мені көтеріп алды да, жазық алқаптың ортасына апарып қойды. Алқап сүйекке толы екен. Жаратқан Ие мені соларды айналдырып жүргізді. Сонда алқаптағы сүйектердің өте көп әрі мейлінше қурап қалғанын көрдім. Ол менен:— Ей, пендем, мына сүйектер өмір сүре ала ма? — деп сұрады.— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, оны тек Сен ғана білесің! — деп жауап бердім. Сонда Ол маған мынаны айтты:— Осы сүйектерге Менің хабарымды жеткізіп былай де: Уа, қураған сүйектер, Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар! Жаратушы Тәңір Ие бұл сүйектерге мынаны айтады: Біліп қойыңдар, сендерге тіршілік лебін үрлеймін, сонда тіріліп шыға келесіңдер. Өздеріңе сіңір, үстеріңе ет бітіріп, терімен жабамын. Сосын тіршілік лебін үрлеп енгіземін, осылайша тірілесіңдер. Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. Мен Жаратқан Иенің өзіме бұйырғанындай Оның хабарын жеткіздім. Осылайша істеп тұрған кезімде бір тасырлаған шу пайда болды да, сүйектер рет-ретімен бір-біріне қосыла бастады. Мен таңдана қарасам, оларға сіңір әрі ет бітіп, үсті терімен жабылғанын көрдім. Бірақ оларда әлі де тіршілік лебі жоқ болатын. Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Пендем, тіршілік лебіне Менің хабарымды жеткізіп былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, тіршілік лебі, желдің соғатын төрт бағытынан кел де, мына өлтірілгендерге лебіңді үрлеп, жан бітіре гөр!» Мен Жаратқан Иенің өзіме тапсырған сөздерін дауыстап айттым. Сонда өлі денелерге тіршілік лебі кіріп, жан бітті де, барлығы аяқтарына тұрды. Олар өте үлкен әскер екен. Сонымен бұлар мәңгілік азап шегуге кетеді. Ал әділдер мәңгілік өмірге ие болады, — деді Иса. Бұған таңданбаңдар, өйткені қабірдегілердің бәрі Құдайдың рухани Ұлының даусын еститін уақыт болады. Сонда өлгендер қабірден шығады: жақсылық жасағандары мәңгі өмір сүру үшін, ал жамандық жасағандары сотталу үшін тіріледі. Құдай қиямет күні сенушілерді де, күнәкарларды да қайта тірілтеді деп күтіп, мен де олар сияқты Оған үмітімді артамын. Теңізде қаза тапқандар да, жалпы, ажалға ұшырап, о дүниеге аттанғандардың бәрі де қайта тірілді. Олар өздерінің іс-әрекеттері бойынша сотталды.
Выбор основного перевода