Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Дегенмен олардың күнәсін кешіре гөр. Егер олай істемесең, онда (өз адамдарыңның есімдерін) жазып қойған кітабыңнан менің де есімімді сызып таста, — деп өтінді. Ал Жаратқан Ие Мұсаға:— Бұл кітабымнан Менің алдымда күнә жасағандардың (есімдерін) сызып тастаймын. Өзіңнің бізге және билеушілерімізге айтқан сөздеріңді жүзеге асырып, бізді ғаламат апатқа душар еттің. Иерусалимнің басына түскендей ауыр апат бұрын-соңды аспан астында болған емес. Ал парсы патшалығының рухани әміршісі маған жиырма бір күн бойы қарсы шығып, жолымды бөгеді. Сонда бас періштелердің бірі, Михайл, маған көмекке келді. Себебі парсы патшасы мені жібермей бөгеп жатты. Бірақ алдымен мен саған «Ақиқат кітабында» не жазылғанын айтып беремін. Сенің халқыңды қорғаушы бас періште Михайлдан өзге сол рухани әміршілерге қарсы тұрып, мені қолдап-қуаттайтын ешкім болмайды. Ал өзің, Даниял, осы сөздерді жақсылап сақтап, сол заманның соңына дейін кітапты мөрлеп бекітіп қой. Көптеген адам оны мұқият қарап шығып, білімдері молая түсетін болады. — (Маған келген хабаршы айтқандарын осылай тамамдады.) Сол күн — қараңғылық пен қара түнектің, бұлттар мен қою тұманның күні! Таң ата жарықтың тау бастарына біртіндеп жайылатынындай, бір үлкен де қуатты әскер елді қаптап келе жатыр. Ол сияқты ежелде ештеңе болмаған, келер замандарда да болмайды. Себебі сол уақытта әлем жаратылғаннан бері күні бүгінге дейін еш болмаған және қайтып болмайтын қиын-қыстау кезең бастарыңа түседі. Себебі сол күндері жаратылыс басталғаннан бері күні бүгінге дейін ешқашан болмаған және қайтып болмайтын қиын-қыстау кезең бастарыңа түседі. Дегенмен жындардың өздеріңе бағынғандығына емес, есімдеріңнің көктегі кітапқа тіркелгендігіне қуаныңдар. Иә, адал серігім, сенен де сұраймын: осы екі әйелге көмек көрсетші. Олар Ізгі хабарды таратудағы күресіме ортақтасып, Кілемент пен өзге қызметтестеріммен де бірге істесті. Солардың есімдері көктегі Мәңгілік өмір кітабына жазылып қойылған. Сонда көкте соғыс бұрқ ете түсті. Михайл мен оның қол астындағы періштелері айдаһарға қарсы аттанды. Айдаһар өз нөкерлерімен бірге оларға қарсы шайқасты, Сонда найзағай жарқылдап, мықты гүріл естіліп, күн күркіреп, жер қатты сілкінді. Адамзат дүниеде өмір сүргелі ешқашан мұндай жер сілкінісі болып көрмеген еді: бұл барлығынан да қатты жер сілкінісі болды. Үлкенді-кішілі өлген адамдардың тақ алдында тұрғандарын байқадым. Кітаптар ашылып, ерекше бір кітап — «Мәңгілік өмірдің кітабы» да ашылды. Өлгендер сол кітаптарда жазылған, өздері тірі кездерінде жасаған істеріне сай сотталып, үкімделді.
Выбор основного перевода