Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Енді осылар туралы білдірген ескертулерім мен тәлімдерім жазылған қағаздарды шиыршықтап орап, байлап, шәкірттерімнің көз алдарында мөрлеп, соларға сақтатқызып қой! Осы пайғамбарлық сөздің бүкіл мазмұны сендер үшін мөрленіп бекітілген шиыршық кітап іспетті жабық болмақ. Егер оны сауатты біреуге тапсырып: «Маған оқып берші!» деп сұрасаңдар, ол: «Кітап шиыршықталып, мөрленгендіктен оқи алмаймын» демек. Жәбірейіл мен тұрған жерге жақындап келгенде, қатты қорқып, иіліп, жерге етпетіммен жата кеттім. Ол маған: «Ей, пенде, бұл көріністің сол ауыр заманның ақыр соңы жайында екенін біліп қой», — деді. Жаңағы көріністе (екі мың үш жүз) күн мен түн туралы берілген мәлімет нағыз шындық. Алайда аян алыс болашақта ғана орындалатын оқиғалар туралы болғандықтан, сен оны мөрлеп сақтап қой!» Хабаршының жауабы мынау болды:— Даниял, өз жолыңмен жүре бер. Бұл хабар осы заманның соңына дейін жабылып, сақталып әрі мөрленіп бекітілген. Өзің соңына дейін өз жолыңмен жүре бер. Сен дүниеден өтіп, тынығасың. Ақыр заманда қайта тіріліп, (Құдайдың Патшалығындағы) өзіңе дайындалып қойылған үлесіңді иемденесің! Ол маған тағы да: «Құдайдың бұл кітаптағы хабарларын мөрлеп бекітіп, құпия ұстама! Себебі жүзеге асатын уақыты таяп қалды.
Выбор основного перевода