Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Ал өзің, Даниял, осы сөздерді жақсылап сақтап, сол заманның соңына дейін кітапты мөрлеп бекітіп қой. Көптеген адам оны мұқият қарап шығып, білімдері молая түсетін болады. — (Маған келген хабаршы айтқандарын осылай тамамдады.) Хабаршының жауабы мынау болды:— Даниял, өз жолыңмен жүре бер. Бұл хабар осы заманның соңына дейін жабылып, сақталып әрі мөрленіп бекітілген. Сол арам шөптің тұқымын шашқан дұшпан — әзәзіл шайтан, орақ кезі — ақырзаман, ал орушылар — періштелер. Патша оны мақтап:— Жарайсың, жақсы қызметшім! Кішкене істе сенімді болдың, енді он қаланың үстінен билеуші бол, — дейді. Өйткені Иеміздің Өзі көктен түсіп, бұйрық береді, әрі бас періште шақырып, Құдайдың кернейі қатты дауыстайды. Сонда ең алдымен Мәсіхке сеніп бұ дүниеден кеткендер қайта тіріледі. Олардың әрбіреуіне (ақталу белгісі ретінде) ақ шапан жабылып:— Сендер сияқты шейіт болуға тиісті қызметтестерің мен бауырластарыңның саны толық болғанға дейін біраз уақыт тынышталып күте тұрыңдар, — деген жауап берілді. Сол кезде мен көктен былай деген дауысты естідім:— Мынаны жаз: Бұдан былай Жаратқан Иемен тығыз байланыста болып қайтыс болғандар бақытты! — Киелі Рух соны бекітіп былай дейді:— Иә, олар өздерінің ауыр еңбегінен кейінгі демалыстың рақатын көрмек. Істеген игі істерінің жемісі олардан айырылмайды. Алғашқы қайта тірілуге қатысқан әркім бақытты да қасиетті! Мұндайларға «екінші өлім» билігін жүргізбейді. Керісінше, олар Құдайдың және Мәсіхтің діни қызметкерлері болып, Мәсіхпен бірге мың жыл бойы патшалық құрмақ.
Выбор основного перевода