Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Даниил
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Қанды ішіп-жеген әрбір адам халқының арасынан аластатылсын! Аяқтарымен жерде құжынап жүретін және ұшатын жәндіктердің бәрі сендер үшін жиренішті. Кім солардың өлігін алып жүрсе, сол киімдерін жусын, ал өзі кешке дейін арам болып саналады. Шалған құрбандықтарының майын жеген,Сұйық тартуларының шарабын ішкен,Өздеріне медеу тұтып сеніп жүрген«Сондай берік жартастары» қайда екен?!Тұрсын олар, сендерге көмектессін,Бас сауғалайтын паналарың болсын! Жаратқан Ие соған қоса тағы былай деді: — Мен Исраил халқын басқа халықтардың арасына қуып жібергеннен кейін, олар сонда осындай арам тамақтарды жейтін болады! — Халық Жаратқан Иенің осы елінде қалмайды. Жоқ, Ефрем Мысырға қайта оралып, Ассур елінде де арам тамақты жейтін болады. Енді жалған тәңірлерге ұсынылған тағамдарға тоқталсам: «Бәрімізде біліктілік бар», мұны білеміз. Бірақ «біліктілік» мақтаншақ етеді, ал «сүйіспеншілік» сенімді жетілдіреді. Өзін сондай біліктімін деп есептейтін кісі қажетті біліктілікке әлі де ие болған жоқ. Ал Құдай Өзін сүйгенді жақсы біледі. Ал енді, жалған тәңірлерге ұсынылған тағамдарды ішіп-жеуге келсек, біз сондай тәңірлердің күллі әлемде шынымен жоқ екенін және жалғыз Құдайдан басқа еш құдайдың жоқ екенін білеміз. Жоқ, олай емес. Алайда басқа ұлт адамдары сол құрбандықтарын Құдайға емес, жындарға бағыштайды. Ал сендердің жындармен байланыста болғандарыңды қаламаймын. Иеміздің де, жындардың да тостағандарынан бірдей іше алмайсыңдар! Сол сияқты, Иеміздің және жындардың да дастарқандарына бірдей қатысуларыңа болмайды!
Даниил
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Выбор основного перевода