Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Даниил
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Парсы патшасы Кирдің (Бабылға) билік құрған алғашқы жылы Жаратқан Ие оның жүрегіне түрткі салып, бүкіл патшалығы бойынша жарлық шығартып, хат та жазғызып жібертті. Бұл, Жаратқан Иенің Еремия пайғамбар арқылы алдын ала айтқан сөзінің жүзеге асуы үшін болды. Хатта былай деп жазылды: Сонымен Даниялдың жағдайы Дарийдің, яғни парсы патшасы Кирдің, билік құрған заманында өркендей берді. Парсы патшасы Кирдің Бабылға билік құрған үшінші жылы Белшазар деп те аталған Даниялға Құдайдың хабары жетті. Осы шынайы хабар үлкен соғыс, ауыр кезең туралы болды. Даниял бір көрініс көріп, сол хабар туралы түсінік алып, мәнін ұқты.
Даниил
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Выбор основного перевода