Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Даниил
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Әрине, сен Даниялдан да дана екенсің. Саған беймәлім бірде-бір құпия жоқ екен. Содан ол түстерінің мазмұнын біліп алу үшін елдегі абыздар, балгерлер, сиқыршылар мен жұлдызшыларды шақыртты. Олар келіп, патшаның алдына жиналды. Даниял патшаға былай деп жауап берді:— Ешқандай білімпаз, балгер, сәуегей не сиқыршы сізге өзіңіз айтып отырған құпияны түсіндіріп бере алмайды. Бірақ көктегі Құдай құпияларды ашып бере алады. Уа, Набуходоносор патша, көктегі Құдай сізге осы түс арқылы келешек замандарда болатын жайттарды көрсеткен екен. Төсекте жатқанда түсіңізде көрген көріністеріңіз мыналар: Сонда Набуходоносор патша Даниялдың алдында басын жерге тигізе тағзым етті. Оның құрметіне астық тартуы жасалып, хош иісті зат түтетілсін деп бұйырды да, Патша Даниялдың дәрежесін мейлінше жоғарылатып, оған көп сыйлық беріп, бүкіл Бабыл аймағының билеушісі және Бабылдың барлық білімпаздарының үстінен қарайтын басшысы етіп бекітті. Патшалығыңызда киелі тәңірлердің рухы қонған бір адам бар. Атаңыздың көзі тірісінде сол кісінің тәңірлердікі сияқты ақыл-парасаты мен көрегендігінің бар екендігі анықталған болатын. Сол адамды атаңыз Набуходоносор патша сәуегейлер, балгерлер, жұлдызшылар және сиқыршылардың үстінен қарайтын басшы етіп тағайындаған еді.
Даниил
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Выбор основного перевода