Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Даниил
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Нымродтың патшалығы Шинар жеріндегі Бабыл, Ерех, Аккад, Қална деген қалалардан басталатын еді. Адамдар шығыс жақта көшіп қонып жүргенде Шинар жерінде бір жазық алқапты тауып, соған қоныс тепті. Бұған қоса Набуходоносор кезінде Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйінен алып, Бабылдағы ғибадатханаға әкеткен алтын-күміс бұйымдарды Кир патша енді сол ғибадатханадан шығартып алды. Оларды өзі Яһуда аймағының әкімі етіп тағайындаған Шешбасар есімді адамға табыстады. Сол күн туғанда Тәңір Ие (ата-бабаларын Мысырдағы құлдықтан азат еткеніндей) тағы да құдіретті қолын алға созады. Оның халқының тірі қалғандары Ассурға, Төменгі мен Жоғарғы Мысырға, Құшқа, Елам мен Бабылға, Арамадағы Хаматқа және теңіз жағаларындағы алыс жерлер мен аралдарға шашырап кеткен еді. Енді Тәңір Ие оларды Өзіне қайтарады. Өйткені Әлемнің Иесі ғибадатханадағы екі қола бағана, оның ауласындағы «теңіз» деп аталатын дәу қола қазан, жылжымалы қола тұғырлар және киелі үйдің әлі де қалада қалған басқа да бұйымдары туралы хабарын жіберген болатын. Себебі Бабыл патшасы Набуходоносор Яһуда патшасы Жохақым ұлы Ехонияхты, Яһуда мен Иерусалимнің басшыларын Иерусалимнен Бабылға айдап әкеткенде ғибадатхананың көптеген бұйымдарын тонап алып кеткен болса да, кейбіреулері қалып қойған еді. Соның дәмін татқаннан кейін Белшазар: «Атам Набуходоносор кезінде Иерусалимдегі ғибадатханадан алып келген ыдыстар келтірілсін!» — деп бұйырды. Себебі Белшазар өзінің басшы-ұлықтары, әйелдері әрі кәнизактарымен бірге сол қасиетті ыдыстардан шарап ішпек болды. Содан Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйінен тонап алынған алтын ыдыстар әкелінді. Патшаның өзі, оның басшы-ұлықтары, әйелдері мен кәнизактары сол ыдыстарға шарап құйып, іше бастады. Ол маған:— Олар оны Бабыл еліндегі Шинар жазығына әкетті. Сол жерде оған ғибадатхана салып береді. Ол салынып, дайын болған кезде ыдысты сондағы арнаулы тұғырына қояды, — деп жауап берді.
Даниил
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Выбор основного перевода