Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Даниил
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Жосия патша Иерусалим қаласы мен бүкіл Яһуда елінен табылған аруақты не жынды шақыратын бақсы-балгерлерді, жалған тәңірлердің бейнелері мен мүсіндерін және басқа да жексұрын нәрселердің бәрін құртып, алып тастады. Жосия діни қызметкер Хелкияның Жаратқан Иенің киелі үйінде тапқан Таурат кітабында жазылған заңдарды орындау үшін осылай істеді. Жосия сияқты шын жүректен, бүкіл жан дүниесімен, бар күш-қуатымен Жаратқан Иеге бет бұрған және Оның Мұса арқылы берген Таурат заңына толығымен бағынған ешбір патша одан бұрын да болған емес, одан кейін де шыққан жоқ. Алайда Манаса патша кезінде істеген күллі зұлым істерімен Жаратқан Иенің қаһарын тым қатты өршіткен болатын. Тіпті Жосияның істеген әділ істерінен кейін де Жаратқан Иенің Яһуда еліне қарсы лаулаған қаһары басыла қоймады. Себебі Жаратқан Ие былай деп шешкен еді: «Мен Солтүстік Исраилді көз алдымнан аластатқанымдай, Яһуданы да дәл солай аластатамын. Өзім таңдап алған осы қала — Иерусалимді және Мен «осы жерде өз атымды орнатамын» деген киелі үйді елемей тастап кетемін». Жосияның қалған барлық іс-әрекеттері туралы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. Жосия патшалық құрған кезде бірде Мысыр патшасы Нехо перғауын Ассур патшасын қолдау үшін Евфрат өзеніне қарай аттанды. Сонда Жосия патша перғауынға қарсы шықты. Бірақ ол перғауынның әскерімен Мегидо қаласының маңында болған шайқаста оқтан қаза тапты. Жоғастың қызметкерлері оның мәйітін күймемен Мегидодан Иерусалимге алып келіп, өзінің қабіріне қойды. Яһуда елінің халқы Жосияның ұлы Жоғахазды май жағу рәсімінен өткізіп әкесінің орнына патша етіп тағайындады. Жоғахаз патша болғанда жасы жиырма үште еді. Ол Иерусалимде үш ай билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні либналық Еремия қызы Хамутал болатын. Өзінің аталары істегендей, Жоғахаз да Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Нехо перғауын Жоғахазды Хамат еліндегі Риблада тұтқындап, шынжырмен бұғаулап, оның Иерусалимде билік жүргізуін тоқтатты. Сонымен қатар перғауын Яһуда еліне жүз ат басындай күміс, бір ат басындай алтын мөлшерінде алым-салық салды. Перғауын Жосияның орнына оның өзге ұлы Елиәкімді патша етіп тағайындап, оның есімін Жохақым деп өзгертті. Ал Жоғахазды перғауын Мысырға алып кетті, ол сол елде қайтыс болды. Жохақым Нехо перғауынға оның талап еткен алтын-күмісін табыстап отырды. Бұл үшін ол күллі елге салық салып, әркімді қолында бар мал-мүлкінің мөлшеріне қарай салығын төлеуге мәжбүрледі. Жохақым патша болғанда жасы жиырма бесте еді. Ол Иерусалимде он бір жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні румалық Педаяхтың қызы Зебида болатын. Өзінің аталары істегендей, Жохақым да барлық жағынан Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Жохақымның патшалық құрған кезінде Бабыл патшасы Набуходоносор Яһуда еліне басып кірді. Жохақым үш жыл Набуходоносорға бағынышты болды, ал содан кейін оған қарсы бас көтерді. Жаратқан Ие сол кездері Бабыл, Арама, Моаб және Аммон елдерінен Яһуданы шабуылдауға тонаушылар топтарын да жіберіп жүрді. Осылай болады деп Жаратқан Ие бұрын өзінің пайғамбарлары арқылы алдын ала айтқан болатын. Бұл пәле, әрине, Манаса патшаның жасаған барлық күнәларының кесірінен Жаратқан Иенің еркімен Яһуданың басына түсті. Жаратқан Ие халықты Өзінің көз алдынан аластатпақ болды. Өйткені Манаса патша кезінде күнәға батып, әр түрлі зұлым істер істеген болатын. Оның үстіне Манаса жазықсыздан-жазықсыз қан төгіп, Иерусалимді кінәсіз төгілген қанға толтырды. Жаратқан Ие Манасаның осы жексұрын қылмыстарын кешіруді қаламады. Жохақымның қалған барлық іс-әрекеттері туралы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. Жохақым көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, оның ұлы Ехониях орнын басып патша болды. Бұдан кейін Мысыр патшасы өз елінен соғысуға аттанып шықпады. Себебі Бабыл патшасы бұрын Мысырға тәуелді болған жердің барлығын: Евфрат өзенінен бастап, Мысырдың солтүстік шекарасындағы өзеннің аралығындағы бүкіл өлкені өзіне бағындырып алған еді. Ехониях Яһуда елінің патшасы болған кезде жасы он сегізде еді. Ол Иерусалимде үш ай билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні иерусалимдік Елнатан қызы Нехушта болатын. Өзінің әкесі істегендей, Ехониях та Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Сол кезде Бабыл патшасы Набуходоносордың нөкерлері Иерусалимге қарсы өрлеп шығып, қаланы қоршап алды. Қоршау кезінде Набуходоносордың өзі де Иерусалимнің түбіне келді. Сонда Ехониях патша өзінің шешесі, нөкерлері, әміршілері және сарай қызметкерлерімен бірге қаладан шығып, бабылдықтарға берілді.Набуходоносор патшалық құрған сегізінші жылы Ехонияхты тұтқындады. Жаратқан Иенің алдын ала айтқанындай, Набуходоносор Жаратқан Иенің киелі үйіндегі және патша сарайындағы қазыналарын түгелдей Бабылға алып кетті, әрі Сүлеймен патшаның Жаратқан Иенің ғибадатханасына арнап жасатқан алтын жалатқан бұйымдарының барлығынан алтындарын сыдырып әкетті. Набуходоносор Иерусалимнің халқының бәрін: күллі әміршілер мен жасақшыларды, барлық қолөнершілер мен ұсталарды, жалпы он мың адамды тұтқындап өзімен бірге алып кетті. Яһуда елінде ең кедей тұрғындары ғана қалды. Набуходоносор, сондай-ақ, Ехонияхтың өзін де Бабылға әкетіп, оның шешесін, әйелдерін, сарай қызметкерлерін және елдің абыройлы адамдарын да Иерусалимнен Бабылға жер аударды. Оның үстіне Бабыл патшасы соғысқа жарамды, батыл да мықты тағы жеті мың жауынгерді және бір мың қолөнерші мен ұстаны өз еліне айдап әкетті. Бірде Бабыл патшасы Набуходоносор Жохақымға қарсы аттанып, оны қола шынжырлармен кісендеп, Бабылға айдап алып кетті. Оның үстіне Набуходоносор Жаратқан Иенің киелі үйінен бірнеше арнайы бұйымдарды еліне алып кетті. Оларды өзінің ғибадатханасында сақтап қойды. Жохақымның қалған істері, оның жексұрын күнәлары және ол туралы табылған куәліктер «Солтүстік Исраил мен Яһуда патшаларының кітабында» баяндалған. Оның ұлы Ехониях орнын басып патша болды. Ехониях патша болған кезде жасы он сегізде еді. Ол Иерусалимде үш ай он күн билік жүргізді. Ехониях Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Жыл басы — көктемде Бабыл патшасы Набуходоносор жауынгерлерін жіберіп, Ехониях патшаны Бабылға алдыртты. Әскер Ехонияхпен бірге Жаратқан Иенің киелі үйіндегі бағалы бұйымдарды да ала кетті.Бабыл патшасы Ехонияхтың орнына немере ағасы Седекияхты Яһуда мен Иерусалимнің үстінен патша етіп қойды.
Даниил
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Выбор основного перевода