Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылай біз сол кезде бұл жерді иемденіп алдық. Мен одан Арнон аңғарындағы Арогерден бастап солтүстікке созылып жатқан аймақты әрі Ғилақад қыраттарының жартысын ондағы қалалармен қоса Рубен және Ғад руларына үлестірдім. Ғилақад аймағының қалған бөлігін және Ог патшалық құрған бүкіл Башан аймағын Манаса руының жартысының үлесіне бердім. — Башандағы бүкіл Арғоп аймағы бұрын «рафалық алыптардың елі» деп аталатын. Манасаның ұрпағы Жайыр бүкіл Арғоп аймағын гешурліктер мен махалықтардың шекарасына дейін басып алғандықтан, Башанға «Жайыр қоныстары» деген ат қойды. Сол жер бүгінге дейін солай аталады. — Мен Махырдың үрім-бұтағының үлесіне Ғилақад аймағының көп жерін табыстадым. Ал Ғилақад аймағының мына жерін Рубен мен Ғад руларының үлесіне бердім: оңтүстіктегі Арнон аңғарының ортасынан бастап Аммон халқының шекарасындағы Ябок аңғарына дейін созылған бүкіл өлкені. Олардың жері шығыстағы Писга тауының етектерінен батыстағы Иордан өзеніне дейін, солтүстіктегі Кінерет (яғни Ғалилея) көлінен оңтүстіктегі Өлі теңізге дейінгі аралықта жатқан Иорданның алқабын да қамтыды. Исраилдіктердің бұған дейін жеңіп шығып, Иорданның шығыс жағындағы Арнон аңғарынан Хермон тауына дейін, Иорданның алқабының шығыс жағындағы иен даланы қосқандағы жерлерін иемденіп алған патшалар мыналар: алғашқысы аморлықтардың Хешебонда тұрған патшасы Сихон еді. Ол Арнон аңғарының шетіндегі Арогерден және сол аңғардың ортасындағы қаладан бастап, аммондықтардың шекарасындағы Ябок өзеніне дейінгі аралықта билік құрды. Бұл аймақ — Ғилақад өлкесінің жартысы. Сихон, сондай-ақ, (солтүстіктегі) Ғалилея (Кінерет) көлінің батыс жағалауынан бастап, (оңтүстіктегі) Өлі теңізге, яғни Тұзды теңізге, дейінгі аралықта, әрі Бет-Ешимотқа, оңтүстікте орналасқан Писга тауының етегіне қарай созылған Иордан алқабына билік жүргізді. Екіншісі Башанның патшасы Ог еді. Ол рафалықтар әулетінің соңғыларының бірі еді. Огтың басты қалалары Аштарот пен Едірей болатын. Ог патша Хермон тауы мен Салхаға, гешурліктер мен махалықтардың жеріне дейінгі бүкіл Башан аймағына және Хешебон патшасы Сихонның жерімен шекаралас жатқан Ғилақад өлкесінің жартысына билік құрған еді. Жаратқан Иенің қызметшісі Мұса мен Исраил халқы осы екі патшаны жеңіп шыққаннан кейін Мұса осы жерді Рубен мен Ғад руларына және Манаса руының жартысына мұралық меншікке үлестіріп берді. Исраилдіктер Сихонның жасағын семсердің жүзімен қырып-жойып, Арнон өзенінен Ябок өзеніне дейінгі аралықтағы оның жерін иемденіп алды. (Ябоктың арғы жағындағы) аммондықтардың шекарасы бекіністі болғандықтан, олар тек соған дейін барды. Бұдан кейін исраилдіктер бұрылып, Башан аймағына баратын жолмен жоғары қарай өрледі. Сонда Башанның патшасы Ог бүкіл жасағын ертіп олармен шайқасуға Едірейге аттанды. Сонымен исраилдіктер Ог патшаны, оның ұлдарын және бүкіл жасағын бір адамын да тірі қалдырмай қырып тастап, жерлерін иемденіп алды.
Выбор основного перевода