Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ егер жүректерің басқа жаққа бұрылып, осы нұсқауларыма құлақ салмай, шындық жолдан азғырылып, бөгде тәңірлерге иіліп құлшылық етсеңдер, мен бүгін сендерге құритындарыңды ескертемін. Онда иемдену үшін Иордан өзенінен өтіп, кіріп жатқан осы елде ұзақ өмір сүрмейсіңдер. — Жаратқан Иенің халқының бүкіл қауымы мынаны айтады: Сендердің Исраилдің Құдайына қарсы опасыздық жасағандарың қалай? Неге өздерің үшін тағы бір құрбандық ұсынатын орын салып алып, Жаратқан Иеден безіп, Оған қарсы бас көтердіңдер? Бұларың қалай? Ал сендер бүгін Жаратқан Иеден бас тартып жатырсыңдар! Егер сендер бүгін Жаратқан Иеге қарсы бас көтерсеңдер, Ол ертең-ақ Исраил халқының бүкіл қауымына қаһарланады.
Выбор основного перевода