Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен Мұса ғадтықтар мен рубендіктерге және Жүсіп ұлы Манасадан тараған рудың жартысына аморлықтардың патшасы Сихонның және Башанның патшасы Огтың патшалықтарын бүкіл жерімен, ондағы қалаларымен әрі соларға тиісті елді мекендерімен бірге қосып табыстады. Исраилдіктердің бұған дейін жеңіп шығып, Иорданның шығыс жағындағы Арнон аңғарынан Хермон тауына дейін, Иорданның алқабының шығыс жағындағы иен даланы қосқандағы жерлерін иемденіп алған патшалар мыналар: алғашқысы аморлықтардың Хешебонда тұрған патшасы Сихон еді. Ол Арнон аңғарының шетіндегі Арогерден және сол аңғардың ортасындағы қаладан бастап, аммондықтардың шекарасындағы Ябок өзеніне дейінгі аралықта билік құрды. Бұл аймақ — Ғилақад өлкесінің жартысы. Сихон, сондай-ақ, (солтүстіктегі) Ғалилея (Кінерет) көлінің батыс жағалауынан бастап, (оңтүстіктегі) Өлі теңізге, яғни Тұзды теңізге, дейінгі аралықта, әрі Бет-Ешимотқа, оңтүстікте орналасқан Писга тауының етегіне қарай созылған Иордан алқабына билік жүргізді. Екіншісі Башанның патшасы Ог еді. Ол рафалықтар әулетінің соңғыларының бірі еді. Огтың басты қалалары Аштарот пен Едірей болатын. Ог патша Хермон тауы мен Салхаға, гешурліктер мен махалықтардың жеріне дейінгі бүкіл Башан аймағына және Хешебон патшасы Сихонның жерімен шекаралас жатқан Ғилақад өлкесінің жартысына билік құрған еді. Жаратқан Иенің қызметшісі Мұса мен Исраил халқы осы екі патшаны жеңіп шыққаннан кейін Мұса осы жерді Рубен мен Ғад руларына және Манаса руының жартысына мұралық меншікке үлестіріп берді. Манаса руының екінші жартысына және Рубен, Ғад руларына мұралық жерлері Жаратқан Иенің қызметшісі Мұсаның үлестіргеніне сай Иордан өзенінің арғы, шығыс жағынан тиді.
Выбор основного перевода