Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иеге деген опасыздықтарыңа бола, бала-шағаларың сендердің бірде-біреуің тірі қалмай құрып бітпейінше, қырық жыл бойы осы иен далада көшіп-қонып мал бағып азап шегетін болады. Уәделі елді қанша күн барлаған болсаңдар, сонша жыл, яки қырық жыл бойы өз кінәларыңның зардабын тартатын боласыңдар. Осылайша Менің өздеріңе қарсы болуымның не екенін ұғасыңдар. Мен, Жаратқан Ие, осылай деймін. Және осы айтқандарымды Маған қарсы шыққан мына зұлым жамағаттың бәріне міндетті түрде жүзеге асырамын: олар бірде-біреуі тірі қалмай, осы иен далада құритын болады!» Олардың арасында (содан отыз сегіз жыл бұрын) Синай атты елсіз далада болған бірінші санаққа енген исраилдіктерден бірде-бір адам болған жоқ. Жаратқан Ие солар туралы «Олар сөзсіз елсіз далада қайтыс болады!» деп айтқандықтан Ефунне ұлы Халеп пен Нұн ұлы Ешуадан басқаның бәрі дүниеден өткен еді.
Выбор основного перевода