Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып:— Өзіңе Исраилдің рубасыларының бірнешеуін ертіп алып, жұртты бастап, Нілдің суын сабаған таяғыңды қолыңа ұстай жүр. Олар ашыққанда көктен нан жаудырдың, шөлдегенде жартастан су ағыздың. Бұрынырақ оларға табыстауға салтанатты түрде ант еткен елге «кіріп, оны иемденіп алыңдар!» дедің. Шөл далада жартасты қақ айырған,Терең тұңғиықтан су шығарған,Халқының шөлін молынан қандырған. Жартастан Жаратқан бұлақтар ағызған,Өзендей төмен қарай сарқыратқан. Таңдап алған халқымды сумен қамтыпҚұла түзден өзендер ағызамын.Шибөрі, түйеқұс, дала аңдарыСодан Мені дәріптейтін болады. Ежелде Жаратқан Ие (Мысырдың езгісінен) құтқарған халқын айдала арқылы жетелеп алып жүргенде олар шөлдемеді: Өзі солар үшін жартастан су ағызды. Жаратқан Ие құзды қақ жарғанда су сарқырай жөнелді. (Осы кезде де Тәңір Ие отанына қайтуға шақырған өз халқына кереметпен қамқорлық жасайтын болады.)
Выбор основного перевода