Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Халыққа мына бұйрығымды жеткіз: Сендер өз ағайындарың — Есаудың үрім-бұтағы мекендеген Сейір аймағынан өткелі тұрсыңдар. Олар сендерден қорқатын болады, ал өздерің де өте сақ болып, Ал едомдықтардан жиренбеңдер, олар сендердің бауырластарың. Мысырлықтардан да жиренбеңдер, олардың елінде жат жұрттық кірме болып тұрдыңдар. Исраил Мысырдан көшіп шыққан кезде иен дала арқылы Қамысты теңізге әрі Қадешке барды. Сонда Исраил Едом патшасына елшілері арқылы «Сіздің еліңіз арқылы өтіп шығуға рұқсат берсеңіз екен» деген сәлемін жіберген еді. Бірақ Едом патшасы Исраилдің өтінішіне құлақ салмады. Моаб патшасына да сондай өтініш жіберілді, бірақ ол да рұқсатын берген жоқ. Осылай Исраил халқы Қадеште қала берді. Өзіңнің бауырлас елің Жақыпқа жасаған зорлығың үшін сен масқара болып, біржола құрисың. Бауырыңның басына күн туғанда сен қарап тұра бермеуің керек еді! Яһуда елі қырғынға ұшырағанда оны табалап мәз болмауың керек еді! Олар қатты қиналған күндері сенің мақтанбауың керек еді!
Выбор основного перевода