Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кейін Мұса бұл жерді Маса («Еркінсіп сынау») және Меріба («Ұрсу») деп атады. Өйткені исраилдіктер сонда оған ұрсып, «Жаратқан Ие арамызда жүр ме, жоқ па» деп Тәңір Иені еркінсіп сынаған еді. Сонда Мұса Һаронға:— Жаратқан Иенің «Маған жақындап келетіндер арқылы Өзімнің киелі екенімді көрсетемін, барлық халықтар алдында салтанатты ұлылыққа кенелемін» дегені осы туралы болатын, — деп түсіндірді. Содан Һарон үндемеген күйі қала берді. Себебі қауым Сін атты елсіз далада Маған қарсы бас көтергенде, екеуің де Менің бұйрығыма бағынбай, жартастан су аққызған кезімде олардың алдында Мені қастерлеп, киелілігімді көрсетпедіңдер». — Бұл оқиға Сін даласындағы Қадештің маңындағы Меріба суының қасында болды. Кейінірек Жаратқан Ие сендерге бола маған да ашуланып: «Сен де сол елге кірмейсің! Бірақ Жаратқан Ие сендердің баяғыда істегендеріңе бола маған ашуланған еді. Сондықтан Ол өтінішіме құлақ аспай, былай деп жауап қайтарды: «Жетер енді! Бұл туралы Маған бұдан былай айтушы болма! Бірақ Писга тауының басына шығып, батыс пен солтүстікке, оңтүстік пен шығысқа көз тастайсың. Сонда елге көз тігіп жақсылап қарап ал. Себебі өзің Иорданның арғы жағына өтпейсің. Бұның себебі — Исраил халқының Сін даласындағы Қадештің маңында, Мерібадағы жартастан ағып шыққан судың қасында жиналып тұрғанда, екеуің исраилдіктердің көзінше Маған сенім артпай, киелі атымды қастерлемедіңдер. Леуі руына Мұса мынадай бата берді:«Кемелділік пен Нұр» атты жебелеріңӨзіңе адал бұл жандарда бола берсін!Уа, Ием, Маса маңында оларды сынадың,Мерібада жартастан шыққан сулардыңҚасында олармен күрескен едің. Мерібада істегендерің секілдіҚасарыстырмаңдар жүректеріңді:Ежелде айдалада жүрген кездеМасадағы бас көтергендерің іспеттіҚайтадан солай істемеңдер енді!
Выбор основного перевода