Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Һаронның арнайы киімдері өзінен кейін келер ұрпақтарына аманатталсын, сонда олар соларды киіп, Құдайға бағышталып, қызметтеріне тағайындала алады: Һаронның ізбасары болып киелі орында қызмет ететін ұрпағы сол киімдерді жеті күн бойы кездесу шатырына кіргенде киюге тиіс. Діни қызметкер Һарон Жаратқан Иенің айтқанына сәйкес Һор тауына көтеріліп, сол жерде көз жұмып дүние салды. Бұл, исраилдіктердің Мысыр елінен шыққаннан кейінгі қырқыншы жылдың бесінші айының бірінші күні болды. Дүние салғанда Һаронның жасы жүз жиырма үште еді. Кейін исраилдіктер Бене-Яқан құдықтары деген жерден Мосерге көшіп барды. Сол жерде Һарон қайтыс болып, сүйегі қабірге қойылды. Һаронның ұлы Елазар оның орнын басып діни қызметкер болды.
Выбор основного перевода