Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ұзақ уақыттан кейін Мысырдың патшасы дүниеден қайтты. Ал исраилдіктер әлі де құлдықтан бейнет шегіп, күңірене күрсініп зарлап жатты. Олардың көмек сұрап жалбарынуы Құдайдың құлағына жетті. Сол жерде оған Жаратқан Иенің періштесі бір тікенді бұтаның ортасынан жалындап жанған от ішінен аян берді. Мұса бұтаның от болып жалындап тұрғанымен өртеніп кетпегенін байқаған еді. Жаратқан Ие:— Мен халқымның Мысырда шеккен жәбіріне назар аударып, олардың айдаушыларынан қаналып, қинала айқайлағандарына құлақ салып келемін; олардың көрген азаптарын түгел білемін. Исраил көшінің алдында жүріп келе жатқан Құдайдың періштесі сол сәтте олардың соңына барды. Бағана тәрізді бұлт та көштің алдыңғы жағынан артына қарай ығысып,
Выбор основного перевода