Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты. Кім біреуді ұрып өлтірсе, соның өзі өлтірілсін. Бірақ егер амалын тауып зұлымдықпен кісі өлтірсе, оны (қашып, паналап барған) Менің құрбандық орнымнан шығарып алып, өлімге бұйырыңдар. Кісіні ұрып өлтірген әркім де өлтірілсін. Осы арқылы сендер өздерің тұрып жатқан елді арамданудан сақтайсыңдар. Себебі өлтірілген кісінің төгілген қаны елді арамдайды. Оны өлтірген адамның өз қаны төгілмей, төгілген қаннан арамданған елді тазартуға болмайды. Ал Иса оған: «Семсеріңді қынабына сал! — деп бұйырды. — Семсеріне сенген семсерден өлер. кімге тұтқындалу бұйырылса, сол тұтқындалады; кімге семсерден өлу бұйырылса, сол семсерден өлім табады. Мұнда Құдай халқының төзімділігі мен сенімділігі қажет болады.
Выбор основного перевода