Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Мен Жақыппен жасаған Келісімімді, Ысқақпен жасаған Келісімімді, сондай-ақ, Ыбырайыммен жасаған Келісімімді есіме аламын. Сонымен қатар осы елді де есіме түсіремін. Мен олардың Құдайы болуым үшін исраилдіктердің ата-бабаларын басқа халықтардың көз алдында Мысырдан көшіріп алып шықтым. Солармен жасаған Келісімімді осы халықтың игілігі үшін есіме аламын. Мен Жаратқан Иемін. Сондықтан да Құдайларың Жаратқан Иенің шынымен Құдай екенін біліп алыңдар! Өзін сүйіп, өсиеттерін ұстанғандардың тіпті мыңыншы ұрпағына да Ол Өзінің Келісімін сақтап, рақымын төгетін болады. «Уа, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие! Жоғарыдағы көкте де, төмендегі жерде де Сен сияқты ешбір құдай жоқ! Жасаған Келісіміңе адалсың, шын жүректен тура жолыңмен жүрген қызметшілеріңе рақымың мол.
Выбор основного перевода