Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өздерің және болашақтағы ұрпақтарың барлық мекендеріңде сақтауға тиісті тұрақты ереже мынау: сендерге құрбандықтың ешқандай майын және қан атаулыны ішіп-жеуге болмайды. Тұрған мекендеріңнің бәрінде құстың да, хайуанның да қанын ішіп-жемеңдер! Егер не Исраилдің үрім-бұтағынан біреу, не араларында тұрып жатқан жат жұрттықтардан біреу қанның кез келген түрін ішіп-жейтін болса, Мен сондай адамға қарсы шығып, оны халықтың арасынан аластатамын. Себебі тірі мақұлықтың жаны оның қанында. Мен сендерге жандарыңды арамданған күйлерінен тазарту үшін құрбандық үстелінде ұсынылған қанды бұйырдым. Өйткені төгілген қан арқылы жанның құны өтеліп, оны арамданған күйінен тазартады. Алайда оның қанын ішіп-жемеңдер, оны су іспетті жерге төгіп тастаңдар! Алайда оның қанын ішіп-жеуден сақ болыңдар! Себебі қан дегеніміз — жан. Етті жанмен қосып жеулеріңе болмайды. Қайта, қанын су іспетті жерге төгіп тастаңдар! Біреу Саулға:— Білесіз бе, халық етті қанымен бірге жеп, Жаратқан Иенің алдында күнә жасап жатыр, — дегенде, ол:— Бұларың барып тұрған опасыздық! Маған осы жерге бір үлкен қойтасты домалатып алып келіңдер! — деп бұйырды. Қайта, біз оларға хат жазып: «Адам жанын арамдайтын жалған тәңірлерден, неке адалдығын бұзудан, арам өлген малдың етінен және қаннан аулақ жүріңдер!» — деп ескертейік. жалған тәңірлерге арналған құрбандықтардан, қаннан, арам өлген малдың етінен және неке адалдығын бұзудан аулақ жүріңдер! Осы нұсқауларды ұстансаңдар, игі болмақ. Қош-сау болыңдар!»
Выбор основного перевода