Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Әке-шешесін менсінбей қорлағанды қарғыс атады!» Соған бүкіл халық: «Аумин!» деңдер. Соған бола сендерді қарғыс атты! Бұдан былай басыбайлы қызметші болудан ешқашан құтылмайсыңдар. Құдайымның үйі үшін отын жарып, су таситын боласыңдар! — Исраил халқы кейін күшейген кездерінде қанахандықтарды басыбайлы қызметші етіп жұмыс істетіп қойды, бірақ оларды толықтай қуып шыққан жоқ. Елдің Исраил халқына жатпайтын байырғы тұрғындары, яғни аморлық, хеттік, перездік, хевтік, ебустік ұлттар да болды. Солардың исраилдіктер елді иемденіп алғанда құртып жібере алмаған ұрпақтарының бәрін Сүлеймен жұмыс істеуге мәжбүрледі. Бұл жағдай әлі күнге дейін сақталып келеді.
Выбор основного перевода